Қоқыс полигонындағы өрт: Алатауда қалдықтарды жинау мен көму тарифтері бекітіледі
Алатау қаласында қоқыс шығару тарифтері қайта қаралады.
Алатау қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған жаңа тарифтер бекітіледі. Тиісті жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланып, көпшілік талқылауына ұсынылды.
Құжатты Алатау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі әзірлеген. Жоба шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормалары, сонымен қатар оларды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер бекітіледі.
Құжаттың негізгі мақсаты:
- қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландырудың экономикалық тетігін қалыптастыру;
- елді мекендердің санитарлық жағдайын сақтау және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының алдын алу;
- экологиялық қауіпсіздікті күшейту және қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.
Жоба 2025 жылғы 6 қарашаға дейін ашық талқылауда болады.