Қолайсыз ауа райына байланысты төрт өңірде оқушылар қашықтан оқуға көшті
Суыққа байланысты бірінші және екінші ауысым оқушылары үйде оқиды.
Қазақстанның төрт өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігі, батысы және орталығында ауа температурасы төмендеп, қатты жел мен көктайғақ күтіледі. Осыған байланысты бірқатар өңірде сабақтар онлайн форматта өтеді.
Астана қалалық білім басқармасының хабарлауынша, 11 ақпанда желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының төмендеуіне байланысты 0-6 сыныптардың екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды. Сонымен қатар:
- Ақтөбе облысында – 1-11 сынып оқушыларының бірінші және екінші ауысымы;
- Өскемен қаласында – 0-9 сыныптардың бірінші және екінші ауысымы;
- Павлодар облысында – 1-11 сыныптардың бірінші ауысымы және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшті.
Білім басқармалары ата-аналар мен оқушыларды ресми хабарламаларды қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.