"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы ақпарат жариялады. Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді.

Ұлытау облысында

"Жезқазған — Арқалық — Петропавл" автожолының 24–137-шақырымында (Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы) және "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 433–750-шақырымында (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа кенті) көлік қозғалысы тоқтатылды.

Абай облысында

"Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 778–967-шақырымы (Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы) жабылды.

Алматы облысында

"Қонаев — Күрті" (0–67-шақырым), "Астана — Қарағанды — Алматы" (2295–2436-шақырым, Қаншеңгел — Ақсай) және "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 112–124-шақырымы (Шеңгелді — Жетісу облысының шекарасы) бойынша қозғалыс шектелді.

Жетісу облысында

Аталған автожолдың 124–234-шақырымы (Алматы облысының шекарасы — Жамбыл ауылы), сондай-ақ "Сарыөзек — Көктал" (3–68-шақырым) және "Үшарал — Достық" (84–164-шақырым) бағыттарында қозғалыс тоқтатылды.

Жамбыл облысында

"Қордай асуының жаңа айналма жолы" учаскесінде (159–238-шақырым, Кенен ауылы — Қайнар ауылы) көлік қозғалысы шектеліп, қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Ақтөбе облысында

"РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолының 0–77-шақырымында (Жайсан БӨП — ECO Oil жанармай бекеті) қозғалыс тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысында

"Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы" автожолының 393–526-шақырымында (Жымпиты кенті — Ақтөбе облысының шекарасы) көлік қатынасы шектелді.

Павлодар облысында

"Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолындағы Қалқаман жол айрығында көпір өткелінің арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шектеу "Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары" автожолының 46–66-шақырымында қыс аяқталғанша сақталады.

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді алыс жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.