Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) делегациясы АҚШ-та рухани кездесулер өткізеді, деп хабарлайды ҚМДБ.

"Кездесулерге ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жетекшілік етеді. Сондай-ақ жиындарға ұстаз Арман Қуанышбаев пен Батыржан Мансұров қатысады. Іс-шаралардың басты мақсаты — АҚШ-та тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттеріне рухани әрі мәдени қолдау көрсету, ұлттық құндылықтарды насихаттау", – делінген хабарламада.

Рухани кездесулер келесі қалаларда өтеді:

  • 27 қаңтар — Вашингтон
  • 29 қаңтар — Нью-Йорк
  • 30 қаңтар — Чикаго
  • 31 қаңтар — Хьюстон
  • 1 ақпан — Сан-Франциско

ҚМДБ өкілдері кездесулердің нақты өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланатынын мәлімдеді.