Қазпоштада жыл басынан бері 270 млн теңгеден астам қаржы ұрланған
7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді.2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 миллион теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады "Қазпошта" АҚ PR қызметі.
Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелген. Олардың қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар.
"Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды", – делінген компанияның хабарламасында.
Қазпошта бұл бағытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Алаяқтар Қазпошта атынан жалған хабарламалар таратып жатыр