Қазпоштада жыл басынан бері 270 млн теңгеден астам қаржы ұрланған

7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 миллион теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады "Қазпошта" АҚ PR қызметі.

Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелген. Олардың қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар.

"Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды", – делінген компанияның хабарламасында.

Қазпошта бұл бағытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейтінін мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: Алаяқтар Қазпошта атынан жалған хабарламалар таратып жатыр


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз