Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 миллион тонна жүк тасымалданды
Құрық паром кешені арқылы жүк автокөлік құралдарын өңдеуде 22%-ға өсу байқалады.2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 миллион тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті.
Өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3%-ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18%-ға өсті. Құрық паром кешені арқылы жүк автокөлік құралдарын өңдеуде 22%-ға өсу байқалады. Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда "Шығыс-Батыс" транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84%-ға ұлғайған.
Оқи отырыңыз: Әуе кемелерінде жүк тасымалдау ережелері бойынша нұсқаулық: саяхатқа шықпас бұрын нені білу керек?
Сонымен қатар биыл Құрық портының "Саржа" терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді. Сонымен қатар, Құрық портының "Ерсай" теңіз терминалынан 2024 жылы Қазақстан арқылы Әзербайжаннан Өзбекстанға транзитпен 153 габаритті емес жүк тасымалданды.
Айта кетейік, биыл қазан айында Құрық портында жылына қуаты 1 миллион тоннаны құрайтын тағы бір астық терминалы қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Құрық портының базасында толыққанды логистикалық кластер құру жұмысы белсенді жүріп жатыр.