Солтүстік антициклон Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге жылжып, елде қатты аяз болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" сайты. 

  • Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында – таулы аймақтарда қар жауады, ауа температурасы түнде 10-20-дан 20-31 градусқа дейін, күндіз 8-16-дан 12-23 градусқа дейін төмендейді.
  • Оңтүстік-батыста – түнде 12-23 градус, күндіз 5-15 градус аяз.
  • Батыста – ауа температурасы түнде 27-35 градусқа дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін салқындайды.
  • Солтүстік-батыс және солтүстікте – түнде ауа температурасы 32-40-тан 20-30 градусқа дейін, күндіз 27-35-тен 13-22 градусқа дейін көтеріледі.
  • Шығыста – ауа температурасы түнде 20-33-тен 30-43 градусқа дейін, күндіз 15-23-тен 23-33 градусқа дейін төмендейді.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында шаруалар малын суару үшін мұз оюға мәжбүр


"Орталықта түнде ауа райы 35-40 аяз болады. Сондай-ақ, аймақтың оңтүстігінде – 25-30 градус аяз болады, күндіз температура 20-30-дан 15-26 градусқа дейін жылынады", – делінген хабарламада.