3 маусымда Өскемен, Риддер, Атырау, Алматы, түнде Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет".

  • Астана: 3 маусымға қараған түні метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.
  • Алматы: 3 маусымда күндіз, 4 маусымда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.
  • Атырау: түнде ауада ластаушы заттардың шоғырлануына метеорологиялық жағдайлар ықпал етеді, қалада ауаның ластану деңгейі төмендейді деп күтіледі.
  • Өскемен, Риддер: метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етіп, атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші дәрежесін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа тым қатты ластанған?


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды, яғни ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.