Абай, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру үшін Үкімет резервінен 5 миллиард теңге бөлі жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Жобаға сәйкес, Абай облысына бұл соманың 2 млрд теңге үлесі берілсе, қалған облыстар 1 млрд теңгеден алады.

Бөлінген қаражат Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын құру және қолдауға жұмсалмақ.


Оқи отырыңыз: