Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынған.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.
Министрдің айтуынша, азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту үшін жергілікті атқарушы органдармен бірге азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданып жатыр.
Сондай-ақ, Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингін қамтамасыз ететін болады.
"Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл аясында импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша іс-шаралар қабылдануда. Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі іс-шаралар уақытылы қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынған", – деді Бақыт Сұлтанов.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәжілісте сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1‼️ Бос қалған білім гранттарына 4 мыңнан астам үміткер ие болды
-
335
-
0
-
0
-
-
2Марқакөл қорығында жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жетті 🌨
-
297
-
0
-
3
-
-
3🐥 Бидайық құсы араға 30 жыл салып Алматы қорығына қайта оралды
-
228
-
0
-
0
-
-
4👨💻 Қазақстанда IT қызметі көлемі өсіп келеді
-
233
-
0
-
0
-
-
5🌷 Ерекше құбылыс: Көкшетау паркінде сарғылт кестежусан бір жылда екі рет гүлдеді
-
220
-
0
-
4
-