Қазақстаннан Жидда мен Мединаға тікелей рейстер ашылады
Air Astana қажылық және танымал туристік бағыттарға рейстерді көбейтеді
Air Astana қазан айының соңынан бастап Ақтау, Шымкент және Астанадан Сауд Арабиясына тікелей рейстерді қайта іске қосады.
Компанияның мәліметінше, бұл қадам қажылық сапарларын ыңғайлы етуге және бизнес пен туризм бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаңа кестеге сәйкес:
- Алматы – Медина аптасына 2 рет,
- Шымкент – Медина аптасына 1 рет,
- Астана – Жидда және Астана – Медина екі апта сайын кезектесіп,
- Ақтау – Жидда және Ақтау – Медина жаңа бағыттары екі апта сайын орындалады.
Сонымен қатар визасыз курорттық бағыттар бойынша рейстер қайта жанданады:
- Алматы – Мале аптасына 3 рет (мерекелерде 5 ретке дейін),
- Алматы – Фукуок аптасына 5 рет (7 желтоқсаннан бастап 7 рет),
- Астана – Фукуок аптасына 3 рет.
Танымал туристік бағыттардағы рейстер де артады:
- Алматы – Дубай 7-ден 12 рейске дейін,
- Астана – Дубай 7-ден 10 рейске дейін,
- Алматы – Бангкок 4-тен 7 рейске дейін,
- Алматы – Пхукет 4-тен 7 рейске дейін.
Компания қазақстандықтарға Сауд Арабиясына кіру үшін виза қажет екенін еске салды.