Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттардың сұрағына орай, Қазақстандағы лифт шаруашылығына қатысты мәселелер бойынша жауап берді. 

Премьер-министрдің дерегінше, бүгінде тұрғын үй қорында пайдалану мерзімі 25 жылдан асып кеткен 4144 лифт бар, оның 3195-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал 2019 жылдан бері 1728 лифт ауыстырылған. 

Лифтілердің басым бөлігі күрделі жөндеуді қажет ететініне қарамастан, Олжас Бектеновтің пікірінше, Қазақстанға лифтілерді жаңғырту бойынша жеке бағдарлама қажет емес. Айта кетейік, мұндай ұсынысты сенаторлар көтерген болатын. 

"Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібіне сәйкес өңірлерге лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды қоса алғанда, күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттік кредиттер (7 жылдан 15 жылға дейін 0,1 %-бен) беріледі. 2025 жылға кондоминиумдер объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 20,7 млрд теңге сомасына бюджеттік өтінімдер (363 КЖТ күрделі жөндеу, оның ішінде 248 лифтіні ауыстыру) берілді", – делінген премьер-министрдің жауабында. 

Олжас Бектенов 2024 жылы заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестаттар беру рәсімдері қатаңдатылғанын да еске салды. 


Оқи отырыңыз: Лифт, сорвавшийся с пассажирами в Актау, не был сдан в эксплуатацию