Қазақстанға 170 млн теңгенің алтын құймаларын алып өтпек болғандар қырғыз шекарасында ұсталды
Бес алтын құймасының жалпы салмағы 3,3 келіні құраған.Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Кең-булуң" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Хабарламада ұсталғандардың саны мен аты-жөні аталмаған. Олар алтын құймаларын Лексус 470 маркалы автокөлік ішіне жасырған. Тексеру барысында бұл құймалардың құжаты болмаған.
"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін анықтау, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда", – делінген хабарламада.
Дегенмен, комитет өкілдері шығын сомасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл – шамамен 170 млн теңге.
Оқи отырыңыз: Алматыдан Ыстықкөлге қысқа жол: Қашан және кімнің қаржысына салынады