Заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Егер жоба мақұлданса, жеті жылда бір рет қазақстандықтардың кей тобының қарыздарының кешірілуі мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Банкрот мәртебесін атқарушылық парағын сот орындаушылары қайтарған азаматтар ғана иелене алады. Қарыз иесі, сондай-ақ, банкпен мәселені шешуге тырысқанын да дәлелдеуі тиіс. Оның бұдан өзге атқарушылық ісі болмауы қажет. Ал қарыз сомасы 4 миллион 900 мың теңгеден аспауы шарт. Соттан тыс банкроттыққа өтінішті азаматтар өкілетті органның интернет-ресурсы не салықтық мобильді қосымша арқылы бере алады.

Қарызды жабуына мүмкіндік беретін мүлікті жасырғаны үшін арызды жабуына мүмкіндік беретін мүлікті жасырғаны үшін 3 жылға дейін, ал әдейі банкроттық үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алайда заңгерлер мұндай мүмкіндікті несиесін әдейі төлемей, мүлкін туыстарының атына тіркейтін алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін екенін айтып отыр.

"Аталған заң жобасы жақсылыққа апармайды. Тек несиелеу мөлшерлемесінің жоғарылауына әкеледі. Кредиттік ұйымдарға өз несиені адал қарызгерлердің есебінен өтеуіне тура келеді", – дейді заңгер Иван Коровин.


Оқи отырыңыз: