Қазақстандықтардың 56,8 пайызы отбасымен бірге саяхаттағанды жақсы көреді – зерттеу
Сауалнамаға қатысушылардың 32,7 пайызы достарымен саяхаттауды жөн көреді.Қазақстандықтардың жартысынан көбі отбасымен саяхаттағанды жақсы көреді. Бұл туралы Freedom Finance Global компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Аталған сауалнамаға 18 жастан асқан 716 тұрғын қатысты.
Сауалнамаға қатысқандардың 56,3 пайызы – ер адам, 43,7 пайызы – әйел адам. Олардың 87 пайызы – қала тұрғындары. Ал жасы:
- 35-50 жастағылар – 50%;
- 24-34 жастағылар – 27,1%;
- 18-24 жастағылар – 16,2%;
- 56 жастан асқандар – 6,7%.
Респонденттердің 56,6 пайызының балалары бар.
"Сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың көбінесе өз отбасымен – жұбайымен (зайыбымен), балаларымен, ата-аналарымен саяхат жасағанды жөн көретіні – сұралғандардың 56,8%-ы отбасы мүшелерімен жиі саяхат жасайтыны белгілі болды. Сауалнамаға қатысушылардың үштен бір бөлігі (32,7%) өздерінің достарымен және таныстарымен ішкі туристік сапарларын жасағанды жөн көреді, ал төрттен бірі өздерінің әріптестерімен/серіктестерімен (25,4%) саяхаттауды қалайтындарын атап өткен", – делінген зерттеуде.
Оқи отырыңыз: Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтардың 13%-ы ғана қонақүйде түнейді – зерттеу
Сондай-ақ сұралғандардың 13,5 пайызы ғана жалғыз саяхаттайды, бұл ретте осылай жауап бергендер 56 жастан асқан (27,1%) қатысушылар арасында ең көп. Әріптестерімен саяхат жасағанды тек әрбір оныншы (10,5%) адам жөн көреді екен.