Қазақстандықтардың 42 пайызының ғана өз өміріне көңілі толады – статистика
Олар негізінен ауылдық жердің тұрғындары.Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, қазақстандықтардың жартысының өз өміріне көңілі толмайды. Бұл дерек бюроның халықтың өмір сүру сапасы туралы жүргізген сауалнамасы нәтижесінде белгілі болды.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің тек 41,8 пайызы өздерінің өмір сүру сапасы көңілінен шығатынын айтқан. Олар негізінен ауылдық жердің тұрғындары екен. Мәселен, ауыл халқының – 46,5 пайызы өмір сүру жағдайына көңілдері көншитінін жеткізсе, қала тұрғындарының тек – 39,6 пайызы күн көрісіне разы.
Оқи отырыңыз: Рекорд: Маусым айында қазақстандықтар 800 млрд теңге тұтынушылық несие алды
Респонденттер бұған табысының мардымсыздығы себеп екенін айтқан.
Тек бір пайызы жоғары табыс табатын болса, 72,2 пайызының кірісі орташа деңгейде. Айта кетсек, Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда өз өмірлеріне риза. Азаматтардың – 45,4 пайызы, әйелдердің – 39,5 пайызы өмір сүру сапасын оң бағалаған.