USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Қазақстандықтардың 42 пайызының ғана өз өміріне көңілі толады – статистика

Олар негізінен ауылдық жердің тұрғындары.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, қазақстандықтардың жартысының өз өміріне көңілі толмайды. Бұл дерек бюроның халықтың өмір сүру сапасы туралы жүргізген сауалнамасы нәтижесінде белгілі болды.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің тек 41,8 пайызы өздерінің өмір сүру сапасы көңілінен шығатынын айтқан. Олар негізінен ауылдық жердің тұрғындары екен. Мәселен, ауыл халқының – 46,5 пайызы өмір сүру жағдайына көңілдері көншитінін жеткізсе, қала тұрғындарының тек – 39,6 пайызы күн көрісіне разы.


Оқи отырыңыз: Рекорд: Маусым айында қазақстандықтар 800 млрд теңге тұтынушылық несие алды


Респонденттер бұған табысының мардымсыздығы себеп екенін айтқан. 

Тек бір пайызы жоғары табыс табатын болса, 72,2 пайызының кірісі орташа деңгейде. Айта кетсек, Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда өз өмірлеріне риза. Азаматтардың – 45,4 пайызы, әйелдердің – 39,5 пайызы өмір сүру сапасын оң бағалаған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз