Қазақстандықтар табысын азық-түлік алу мен несиесін төлеуге жұмсайды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

"Биылғы жылдың алғашқы үш айында бір отбасы орта есеппен 885 мың теңгеге жуық қаржыны жаратса, оның тең жарысынан астамы азық-түлікке жұмсалған. Бір тоқсанда әр отбасы шамамен банк алдындағы 52 мың теңгедей қарызын өтеген", – делінген хабарламада. 

Бюроның мәліметінше, банк алдындағы берешегі ең көп халық – Ұлытау облысынан, ондағы отбасылар орта есеппен үш айда 200 мыңнан астам теңгесін банкке қайтарады. Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда мен Астана тұрғындары да 83 мыңнан 107 мың теңгеге дейінгі қаржысын несие төлеуге жұмсайды. Несиесі ең аз аймақтардың тізімінде Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Алматы мен Шымкент бар.