Тікелей эфир

Қазақстандықтар табысын азық-түлік пен несие төлеуге жұмсайды

Банк алдындағы берешегі ең көп халық – Ұлытау облысының тұрғындары. Ондағы отбасылар орта есеппен үш айда 200 мыңнан астам теңгесін банкке қайтарады.

Қазақстандықтар табысын азық-түлік алу мен несиесін төлеуге жұмсайды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

"Биылғы жылдың алғашқы үш айында бір отбасы орта есеппен 885 мың теңгеге жуық қаржыны жаратса, оның тең жарысынан астамы азық-түлікке жұмсалған. Бір тоқсанда әр отбасы шамамен банк алдындағы 52 мың теңгедей қарызын өтеген", – делінген хабарламада. 

Бюроның мәліметінше, банк алдындағы берешегі ең көп халық – Ұлытау облысынан, ондағы отбасылар орта есеппен үш айда 200 мыңнан астам теңгесін банкке қайтарады. Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда мен Астана тұрғындары да 83 мыңнан 107 мың теңгеге дейінгі қаржысын несие төлеуге жұмсайды. Несиесі ең аз аймақтардың тізімінде Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Алматы мен Шымкент бар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары