Үш айға созылған төмендеуден кейін халықтың депозиттері қайтадан өсті: портфель бір айда трлн теңгеге жуық өсіп, биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін 13,71 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Finprom.kz.

Басылымның хабарлауынша, депозит салымының көлемі бойынша алғашқы үшікте Halyk Bank, Kaspi Bank және "Банк ЦентрКредит" бар.

Кесте: Finprom.kz

Halyk Bank жеке тұлғалардың депозит нарығының – 34,2 пайызын, Kaspi bank – 21,1 пайызын, Банк ЦентрКредит 7,6 пайызын құрайды.

Бұл ретте жылдық динамика бойынша тағы бір қаржы институты Отбасы банк портфель өсімі бойынша үздік үштікке еніп, 576,6 млрд теңгеге көбейіп 1,93 трлн теңгеге жетті. Бұл нарықтың 14%-ын құрайды. 

Бір қызығы, биылғы жылдың маусым айында төрт банкті қоспағанда, барлық дерлік екінші деңгейлі банк оң көрсеткіш көрсетті.


Оқи отырыңыз: Экономика министрі: Қазақстандықтар үшін ақшасын теңге депозиттерінде сақтау тиімді