Қуантыров қазақстандықтарға қолда бар ақшасын дифференциациялауға кеңес берді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер сауда-саттық кезінде Ресей рублін де қолданады. Сондай-ақ, біз халықаралық валютадан бас тартпаймыз, деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
"ЕЭО-на мүше елдер кейбір тауар бойынша Ресей рублін қолданады. Шамамен 60% ғой деймін. Себебі, ол Ресей. Қай елдермен біз сауда-саттық кезінде АҚШ долларын қолданамыз? Жалпы доллардан, әлемдік резервтік валютадан бас тарту жоспарымызда жоқ", – деді Әлібек Қуантыров.
Мұнымен қатар, ҚР ұлттық экономика министрі қазақстандықтарға қаржысын дифференциациялауға кеңес берді. Айтуынша, қаржыны теңге депозитінде сақтау тиімді.
"Әрбір қазақстандық үшін ақшасын теңгемен депозитте сақтаған тиімді шығар. Қаражатты жақын уақытта алуды талап етпейтін депозиттерді теңгемен сақтауға болады. Ақша қолданбаған кезде көбейе беретіндей. Неге теңге деген сұрақ туындайтын шығар. Өйткені, мөлшерлемесі долларға қарағанда жоғары. Азаматтар доллар нығайған сайын ұтылуы мүмкін. Бізде доллар депозиттерінің проценті төмен", – деп кеңес берді Әлібек Қуантыров.
Оқи отырыңыз: Жұмысы тоқтаған банктердегі 113 млрд теңге зейнетақы қорына аударылады
Әрі қарай ол қаражатты бір активте сақтамауға кеңес берді.
"Жеке өзім криптовалютаға ақша салмаймын. Оған ақша салу үшін белгілі бір уақыт пен құзіреттілік керек шығар. Президент әкімшілігінде жұмыс істеп жүргенімде осы мәселелерге қызығушылық танытқан едім. Оның үстіне қазір майнерлерге салық көбейтілмек. Криптовалютаның өскені бюджетке жақсы. Инвестициямен тәуекелшілдік қатар жүреді. Криптовалютада нақты актив жоқ. Сіз оны әмиянға салып алып жүре алмайсыз. Криптовалюта салынған әмияныңыз Қазақстаннан алыс жерде болады. Сондықтан барлығын бір себетке салмаған дұрыс. Тіпті, криптовалютаның ішінде "биткоин", "лаиткоин" секілді әртүрлі түрін таңдау қажет. Нарықта тренд өзгеріп отырады. Адамдар бірден көп ақша жоғалтуы мүмкін. Кейін шағым айтып жылайды", – деді министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚚 Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
-
333
-
0
-
2
-
-
2🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
308
-
0
-
1
-
-
3🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
277
-
0
-
0
-
-
4🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
259
-
0
-
0
-
-
5👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
253
-
0
-
2
-
-
6Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
248
-
0
-
2
-
-
7👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
286
-
0
-
0
-
-
8🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
272
-
0
-
0
-
-
9🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
306
-
0
-
0
-
-
10👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
304
-
0
-
0
-