Қазақстандық отбасылар ақылы қызметтерге қанша қаражат жұмсайды?
Коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге қазақстандықтар бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың теңге жұмсады.2021 жылдың ІІ тоқсанында қазақстандық отбасылардың ақылы қызметтерге шығындары бір үй шаруашылығына орта есеппен 110,9 мың теңгені құрады. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3,4% аз. Осы орайда, Finprom.kz талдаушылары бір тоқсан ішінде сегменттегі қай шығындардың өскеніне, қайсысы қысқарғанына талдау жүргізді.
Үй шаруашылықтарының ақылы қызметтерге шығындардың ең үлкен көлемі көлік пен байланыс сегментіне тиесілі – екінші тоқсан ішінде 37,3 мың теңге, ағымдағы жылдың І тоқсанына қарағанда, 3,8% көп.
Коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге қазақстандықтар бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың теңге жұмсады – алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда бірден 19,8% аз. Дәл осы сегментте шығындардың айтарлықтай қысқарғаны байқалады.
Тағы 16,6 мың теңге білім беру мен денсаулық сақтауға жұмсалды – өткен тоқсанға қарағанда 3,6% аз. Киім тігу, киім мен аяқ киімді жөндеу және тазалау қызметтеріне, сондай-ақ, жиһазды, тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру қызметтеріне 1,7 мың теңгені құрады – бір тоқсан ішінде минус 9,1%. Есесіне мейрамхана мен дәмханаларға, қонақ үй қызметтеріне, сонымен бірге, бос уақытты ұйымдастыру және мәдениет қызметтеріне шығындар бірден 40,4%, бір тоқсан үшін 7,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Жалпы қызметтердің барлық түрі бойынша, болжағандай, шығындар қысқарды. Тек байланыс қызметтеріне шығын 5,7%, 76,6 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Өз кезегінде, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығындар – 0,5%, ал көлік қызметтеріне – бірден 25,3% қысқарды. Мұны "ковидтік" шектеулермен және локдаундармен түсіндіруге болады.
Ақылы қызметтердің арасында шипажай қызметтері едәуір қымбаттады – бірден бір тоқсан ішінде – 4,5% және жылына – 8,5%. Тұрғын үйді күтіп ұстау құны аздап қана өсті (бір тоқсан ішінде – 0,4% және жылына – 1,3%).