Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы S.H.I.E.L.D командасы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен халықаралық Standoff кибершабуылдарға қарсы жаттығуда логистика саласы бойынша бірінші орынды иеленді.

Биылғы Standoff форматының ерекшелігі – 21 елден келген 25 қорғаныс командасы үш күн бойы мұнай-газ және логистика салаларындағы реалистік сценарийлер бойынша шабуылдарды зерттеді. Логистика саласындағы сын-тегеуріндер қатарында аэродром жарығын сөндіру, қалалық бағдаршамдарды бұзу, қауіпті жүк тасымалына рұқсат беру, жалған өрт дабылдарын тарату, қойма жүйесіндегі деректерді өзгерту секілді күрделі оқиғалар болды.

Фото: Positive technologies

S.H.I.E.L.D командасы барлық 7 кибершабуылды сәтті зерттеп, орташа есеппен бір оқиғаны 20 сағат 15 минут ішінде шешті. Бұл жалпы қатысушылар арасында үздік көрсеткіштердің бірі болды.

"Қазақстандық команда өздерінің кәсібилігін толық дәлелдеді. Бұл нәтиже – IT саласындағы әлеуетінің нақты көрсеткіші", – деп атап өтті Positive Technologies компаниясының өкілі.

Қазақстан командасының бұл жеңісі Орталық Азия мамандарының киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық беделінің өсіп келе жатқанын дәлелдейді.