Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден асты, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

13-14 мамыр аралығында су деңгейі көтерілді:

  • Индербор ауылы: +3 см, су деңгейі – 1041 см, шекті деңгейі – 845 см;
  • Махамбет ауылы: +14 см, су деңгейі – 980 см, шекті деңгейі – 850 см;
  • Атырау қаласы: +6 см, су деңгейі – 551 см, шекті деңгейі – 550 см;
  • Жаңаталап ауылы: +7 см, су деңгейі – 398 см, шекті деңгейі – 500 см;
  • Еркінқала ауылы: +5 см, су деңгейі – 356 см, шекті деңгейі – 450 см.

13 мамырда Премьер-Министрдің баспасөз қызметі Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін күтілетінін хабарлады.


Оқи отырыңыз: Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болады – Үкімет


Қаладағы су деңгейі 539 см-ге дейін көтеріліп, шекті деңгейі 550 см-ге жетті.