Бұрын мұндай көрсеткіштер байқалмаған еді.
Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден асты, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
13-14 мамыр аралығында су деңгейі көтерілді:
- Индербор ауылы: +3 см, су деңгейі – 1041 см, шекті деңгейі – 845 см;
- Махамбет ауылы: +14 см, су деңгейі – 980 см, шекті деңгейі – 850 см;
- Атырау қаласы: +6 см, су деңгейі – 551 см, шекті деңгейі – 550 см;
- Жаңаталап ауылы: +7 см, су деңгейі – 398 см, шекті деңгейі – 500 см;
- Еркінқала ауылы: +5 см, су деңгейі – 356 см, шекті деңгейі – 450 см.
13 мамырда Премьер-Министрдің баспасөз қызметі Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін күтілетінін хабарлады.
Оқи отырыңыз: Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болады – Үкімет
Қаладағы су деңгейі 539 см-ге дейін көтеріліп, шекті деңгейі 550 см-ге жетті.