Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыруға бағытталған пилоттық жоба басталды.

Жоба аясында педагогтер цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, дифференциацияны және дараландыруды қолдана отырып сабақ өткізуді үйренеді, сонымен қатар онлайн ресурстарды пайдалану бойынша білімдерін жетілдіреді.

"Білім беруді цифрландыру – уақытты сақтау қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар барлық оқушылар үшін интерактивті, қолжетімді оқу ортасын құру мүмкіндігі. Жоба білім беруді жаңа құрал, әдістермен байыта отырып, шағын жинақты мектептердің көкжиегін кеңейтеді", – деді "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі.

Бұл жоба тек бастамасы ғана. 2024 жылы жобаға Қазақстанның қалған өңірлері де қосылатын болады. Оқыту қыркүйек айының соңына дейін жалғасып, 5 000-нан астам педагог бірегей білім мен дағдыларға ие болмақ. 


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты: Ауылда жалған дипломмен сабақ беретін мұғалімдер көп.