Қазақстандағы автокөліктердің тең жартысы – ескі
Қазақстанда жалпы саны 4 млн 449 мың көлік бар.Қазақстанда шыққанына 20 жылдан аса уақыт өткен көліктердің саны 51 пайызға жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 млн 449 мыңды құрады, оның:
- 87,9 пайызы – жеңіл автомобильдер;
- 10 пайызы – жүк автомобильдері;
- 2,1 пайызы – автобустар.
Жалпы респбубликада 3 млн 696 мың жеңіл автокөлік жекеменшік иелігінде.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда 10 млн теңгеге қандай көлік сатып алуға болады?
- Қазақстанда қанша көлік бар? Автостатистика
Тіркеудегі көліктер арасында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым. Ол барлық көліктің 51 пайызын құрайды. Ал, шыққанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер – 21 пайыз, 7 жылдан 10 жылға дейінгілер – 14 пайыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгілер – 6 пайызды құрайды. Көліктердің тек 8 пайызының ғана шыққанына 3 жылдан аз уақыт өткен.
Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысы (472,5 мың), Алматы қаласы (448,2 мың) және Шығыс Қазақстан облысында (272,9 мың).