Көлігі көп өңірлер көшін Алматы облысы мен қаласы бастап тұр.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны 4 377 700-ден асты, деп хабарлады ҚР Стартегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.
Автомобильдердің басым бөлігін жеңіл көліктер құрайды, олардың үлесі 87,7 пайыз. Ал жүк көліктері 10,4 пайызды құраса, автобустар үлесі бар болғаны 1,9 пайыз.
Қазақстандағы 3 630 900-ден астам көлік жеке тұлғалардың атына рәсімделген. Олардың ең көп үлесі Алматы облысы (465,7 мың бірлік), Алматы қаласы (460,3 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (275,9 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.
"20 жылдан аса шығарылған жеңіл автомобильдер Алматы облысының (317,6 мың бірлік), Алматы қаласының (194 мың бірлік) және Қарағанды облысының (156,4 мың бірлік) жеке тұлғаларында басым. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (50 мың бірлік) мен Астана қалаларының (46,7 мың бірлік) және Қарағанды облысының (18,8 мың бірлік) жеке тұлғаларының меншігінде" делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда 10 млн теңгеге қандай көлік сатып алуға болады?
- Автосервис 2 есе қымбаттады. Көлік күтіміне қанша ақша қажет?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
277
-
0
-
0
-
-
2🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
266
-
0
-
0
-
-
3🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
261
-
0
-
0
-
-
4🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
285
-
0
-
0
-
-
5🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
292
-
0
-
1
-