Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
Өңірлер бойынша ең көп ажырасу Алматы (494), Астана (351) және Қарағанды облысында (341) тіркелген.Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша елімізде 24,5 мың неке тіркелді. Қалаларда некеге тұру саны бір жылда 5,6 мыңға дейін төмендесе, ауылдарда бірден 8,9 мыңға дейін өсті. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Ажырасу себептері ретінде респонденттер әртүрлі себептер айтқан.
"Олардың ішінде ерлі-зайыптылардың біреуінің алкоголизмін немесе нашақорлығын (61,7%), зайыбына немесе балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты (51,1%), ерлі-зайыптылардың біреуінің құмар ойындарын (47%), көзге шөп салу (38,4%), ерлі-зайыптылардың біреуінің дәстүрлі емес жыныстық бағдары (22%) аталған", – делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша ең көп ажырасу Алматы (494), Астана (351) және Қарағанды облысында (341) тіркелген.