Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің саны артты
Елімізде жұмыс істейтін әйелдердің 16%-ы саудамен айналысады.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 14 жыл ішінде тұрақты жұмысы бар әйелдердің саны 1,4 миллионға жетті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Олардың басым бөлігі, яғни 16%-ы саудамен айналысады. Ал ер азаматтардың көбі ауылшаруашылығы саласында істейді.
Сондай-ақ, 2009 жылдан бері жұмыс істейтін азаматтардың саны 39% артқан. Бұл – қазір 9,2 миллион адам жұмыспен қамтылды деген сөз. Олардың 5,7 миллионы қалада тұратын болса, қалғаны ауыл тұрғындары.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық әйелдердің көбі қай салаларда еңбек етеді?
Ал 2021 жылғы санақ барысында халықтың дені ауылшаруашылығы, сауда саласы мен өндіріс орындарында жұмыс істейтіні белгілі болған.