Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің саны артты

Елімізде жұмыс істейтін әйелдердің 16%-ы саудамен айналысады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 14 жыл ішінде тұрақты жұмысы бар әйелдердің саны 1,4 миллионға жетті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Олардың басым бөлігі, яғни 16%-ы саудамен айналысады. Ал ер азаматтардың көбі ауылшаруашылығы саласында істейді.

Сондай-ақ, 2009 жылдан бері жұмыс істейтін азаматтардың саны 39% артқан. Бұл – қазір 9,2 миллион адам жұмыспен қамтылды деген сөз. Олардың 5,7 миллионы қалада тұратын болса, қалғаны ауыл тұрғындары.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық әйелдердің көбі қай салаларда еңбек етеді?


Ал 2021 жылғы санақ барысында халықтың дені ауылшаруашылығы, сауда саласы мен өндіріс орындарында жұмыс істейтіні белгілі болған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз