Қаңтар айының басында елдегі наразылықтар мен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мобильді интернет пен мессенджерлер істен шықты. Telegram, WhatsApp және Signal сияқты негізгі мессенджерлер де жұмыс істемеді. Осы орайда, Finprom.kz ТЖ енгізілгенде және одан кейін Қазақстанда қай қосымшаларға сұраныс артқанын талдап көрді.

Google Play Store деректері бойынша, ағымдағы жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы ТОП-5 қосымшалардың қатарына төмендегілер кірді:

  • Secure VPN – қауіпсіз, жылдам;
  • Thunder VPN: жылдамырақ VPN;
  • VPN Proxy Master – жылдамырақ Vpn;
  • Video Downloader, Download Video;
  • X-VPN – Private Browser VPN.

Оқи отырыңыз: "Жақсы көретінімді жеткізіңізші". Интернет бұғатталғанда еріктілер адамдардың хабар алысуына қалай көмектесті?


Мұның бәрі – құралдар санатындағы қосымшалар және ішінде біреуі VPN технологиясын ұсынады (Virtual Private Network, "виртуалды жеке желі").

VPN – пайдаланушыны желіге жергілікті шектеулерді айналып өтіп қосады. ҚР тұрғындары өз кезегінде бұл жүйелерді әлеуметтік желілердегі қолжетімділік пен бұғаттауды айналып өтіп, мессенджерлерді пайдалану үшін қолданды. Алайда елде ТЖ тоқтаған соң қазақстандықтардың таңдауы өзгерді. Мысалы, 2022 жылдың 21 қаңтарындағы жағдай бойынша ТОП-5 қосымшаға мыналар кірді:

* ZOOM Cloud Meetings ("бизнес" санатында);
* MOON – Current Moon Phase ("ауа райы" санатында);
* Telegram ("байланыс" санатында);
* ҚР электрондық үкіметінің eGov mobile қосымшасы;
* Triple A ("ойын-сауық" санатында).

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 19 қаңтарында төтенше жағдай режимі аяқталып, байланыс пен интернет штаттық режимде үзіліссіз жұмыс істеді.