Қазақстанда 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Үкімет қаулысы бойынша, Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" бекітілді.

Аталмыш мереке мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленгені айтылды.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.