Ұлттық кітап күніне орай "Ұлттық кітап" республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.

Байқауға соңғы 2 жылда отандық баспалардан жарық көрген туындылар қабылданады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

  • Балаларға арналған үздік кітап;
  • Үздік комикс;
  • Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
  • Детектив жанрындағы үздік кітап;
  • Сатира жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік иллюстрациялық кітап;
  • Үздік аударма кітабы;
  • Фантастика жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік баспа;
  • "Жыл кітабы" гран-при сыйлығы.

Өтінімдер 1 сәуірге дейін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында (Алматы қаласы, Пушкин көшесі 2/76, 817 кабинет) қабылданады.