Ұлттық кітап күніне орай "Ұлттық кітап" республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.
Байқауға соңғы 2 жылда отандық баспалардан жарық көрген туындылар қабылданады.
Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
- Балаларға арналған үздік кітап;
- Үздік комикс;
- Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
- Детектив жанрындағы үздік кітап;
- Сатира жанрындағы үздік кітап;
- Үздік иллюстрациялық кітап;
- Үздік аударма кітабы;
- Фантастика жанрындағы үздік кітап;
- Үздік баспа;
- "Жыл кітабы" гран-при сыйлығы.
Өтінімдер 1 сәуірге дейін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында (Алматы қаласы, Пушкин көшесі 2/76, 817 кабинет) қабылданады.
USD:
484.3 / 487.3
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11


Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…