Қазақстанда түркиялық ұшқышсыз басқарылатын авиация құралдары шығарылады
Өндірісті дамыту үшін арнайы жол картасы әзірленеді.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ыстанбұлда өткен SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің ІV Халықаралық көрмесі аясында Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен келіссөз нәтижелі болды. Тараптар Қазақстан аумағында жедел деңгейдегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен тосқауылдайтын оқ-дәрілер өндірісін оқшаулау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрмеде әскерлер мен ұрысты басқарудың автоматты жүйелері, робототехникалық кешендер, байланыс, ӘШҚҚ, радио барлау, радиоэлектрондық күрес және радиоға қарсы іс-қимыл құралдары қойылған. Одан өзге көрмеге қойылған ұшқышсыз басқарылатын авиация, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ, лазерлік технологиялар, оптикалық-электронды жабдықтар және басқа да экспоненттер қызығушылық тудырды.
Оқи отырыңыз: Байқаңдар, көкте "Байрақтар"!