Биыл қаңтар айында ғана елімізде 146 400 көлік тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3% артық, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпарарттық бағдарламасы.

Ақпан айындағы ақпарат бойынша Қазақстанда тіркелген көлік құралдарының жалпы саны 5 миллионнан асады. Оның 88,1 пайызы – жеңіл көлік, 9,8 пайызы – жүк көлігі және 2,1 пайызы – автобустар.

Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көбі Алматы облысында – 229 мың бірлік, Алматы қаласында – 210,7 мың бірлік, Астанада – 162,5 мың тіркелген.


Оқи отырыңыз: 2024 жылы елімізде такси бағасы қымбаттайды


Өткен жылмен салыстырғанда электромобильдердің саны 914-тен 8366-ға дейін артқан. Тоқпен жүретін көліктердің ең көбі Алматы, Астана қалалары мен Алматы облысында тіркелген.