"ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы Дархан Иманашев Қазақстанда ақылы жол учаскелері көбейетінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда елде жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр. Биыл тағы алты жаңа бағытта ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр:

  • Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал (554,6 км);
  • Бурылбайтал – Курты (226,4 км);
  • Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат (89 км);
  • Талдықорған – Өскемен (773 км);
  • Атырау – Астрахань (277 км);
  • Мерке – Шу – Бурылбайтал (78 км).

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі республикалық маңызы бар кейбір автожол учаскелерін ақылы негізде пайдалану туралы бұйрық жобаларын жариялаған болатын. Құжаттарға сәйкес, Балқаш – Бурылбайтал бағытының 645 шақырымдық бөлігінде де жолақы алынуы мүмкін.

Сонымен қатар жеңіл көлік жүргізушілеріне айлық және жылдық абонемент рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.