Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 4,8 мың шақырымға жетті

Фото: "ҚазАвтоЖол"
Фото: "ҚазАвтоЖол"
Елдегі әрбір екінші сапар 5 негізгі жол арқылы өткен.

2025 жылы Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарында 74 миллионға жуық сапар тіркелді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырым болатын 26 ақылы автожол учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде I техникалық санаттағы 12 учаскенің ұзындығы 2 231 шақырымды, ал II–III санаттағы 14 учаске 2 652 шақырымды құрайды.

Компанияның мәліметінше, көлік қозғалысы негізінен ірі қалалар мен негізгі транзиттік бағыттарға шоғырланған. Жүктемесі ең жоғары алғашқы бес учаске барлық сапардың 51 пайызын, ал алғашқы он учаске шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен.

"Ең көп сапар тіркелген бағыт — Алматы–Қонаев автожолы. Бұл учаске бойынша бір жылда 11,8 миллион сапар жасалған. Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты тұр — 9,3 миллион сапар. Үшінші орында Шымкент – Тараз учаскесі — 6,5 миллион сапар. Алғашқы бестікке сонымен қатар Тараз – Қайнар (5,4 млн) және Шымкент – Қызылорда (4,8 млн) бағыттары кірді. Астана маңындағы бағыттар да жоғары жүктемені көрсетті: Астана – Теміртау (4,4 млн) және Астана – Щучинск (3,7 млн) жолдары ең көп пайдаланылған бағыттардың қатарында", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары