Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарап жатыр. Онда тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаржысын тартуды реттеуге қатысты бірқатар жаңа ережелер қамтылған. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның депутат сауалына берген жауабында айтылған. 

"Осы заң жобасы шеңберінде құрылыс салушылардың заңнаманы айналып өтуге үлескерлердің қаражатын тартуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік реттеуді күшейту бойынша қосымша шаралар көзделген", – деп жауап берді вице-министр. 

Түзетулер келесі өзгертулерді көздейді: 

  • алдын ала брондау (резервтеу)шарттарын жасасуға тыйым салу; 
  • үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу; 
  • "тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңын реттеу саласына "шағын қабатты құрылыс" ұғымын енгізу; 
  • құрылыс мерзімдерін ұзартуды қысқарту (құрылыс объектісінің ЖСҚ-да көрсетілген мерзімнен 5 айға дейін барынша ұзарту); 
  • үлестік заңнамаға консультация беру мәселелері бойынша Үлескерлерді қолдау орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 
  • үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз / бірыңғай оператордың кепілдігінсіз ипотека беруге тыйым салу. 

Оқи отырыңыз: "Пәтер алып беремін". Шымкентте ХҚКО қызметкері тұрғындарды 180 млн теңгеге алдаған


"Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 7 отырысы өткізілді. Тұтастай алғанда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында әзірленген тәсілдер мен қабылданатын шаралар үлестік құрылыс процестерінің заңдылығы мен ашықтығын, құрылыс нарығына барлық қатысушыларының теңдігін қамтамасыз етуге, мемлекет тарапынан бақылауды күшейтуге, үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған", – делінген Иран Шарханның жауабында.