Қазақстанда қызылшадан екі сәби шетінеп кетті
Бұл балалар вакцина алатын жасқа толмаған.Қазақстанда қызылшадан екі бала қайтыс болды. Олар екпе алатын жасқа жеткен жоқ. бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Ол бір баланың шала туылғанын атап өтті.
"Өлімге әкелген екі жағдай тіркелді: Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында. Бұл бір жасқа дейінгі, яғни екпе жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туылған, көптеген патологиялар болған, оның үстіне қызылшамен ауырып қалған», – деді Айжан Есмағамбетова.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі: 18 жастан асқан қазақстандықтар да қызылшаға қарсы вакцинаны тегін ала алады
Ол қызылшаның өршуі Қазақстанға ғана емес екенін атап өтті. Негізгі себеп – коронавирус пандемиясы кезінде екпелерді тоқтату.
"Осы кезеңде көптеген вакцинацияланбаған балалар жиналды. Ал қызылша эпидемиологиялық жағдайының асқынуы коронавирусқа қатысты шектеулер аяқталғаннан кейін 2022 жылы басталды", – деді елдің бас санитарлық дәрігері.