Биылдың өзінде елімізде Қазақстаннан бөлек басқа мемлекеттің құжатын пайдаланып келген 525 азамат анықталған. Араларында депутаттар мен шенеуніктер де бар, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жақында Батыс Қазақстан облысы тұрғынының 20 жылдан бері қос азаматтықпен жүргені белгілі болған еді.

Қолданыстағы заң бойынша шетелдік құжат алған еліміздің тұрғыны бұл жайлы жауапты органға 30 күн ішінде хабарлауы тиіс және Қазақстан азаматтығынан бас тартуы керек. Егер азамат бұл міндеттерді орындамай, екі елдің құжатын қатар қолданып жүрсе, 345 мың теңге айыппұл арқалайды.


Оқи отырыңыз: Атырау облысынды қос азаматтықпен жүрген 5 адам анықталды