Азаматтарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Атырау облысының аумағында қос азаматтықпен жүрген бес адам анықталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.
"Атырау облысының ПД Көші-қон қызметі басқармасы ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы азаматтығының жеке басын куәландыратын құжаты бар және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған бес азаматты анықтады", – деді Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаев.
Олардың барлығы Қазақстан Республикасымен қатар Ресей Федерациясының азаматтығын алған азаматтар. Осыған байланысты оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, процесуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды.
Оқи отырыңыз: Өскемен тұрғыны 10 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген
Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-