Қазақстанда қой-ешкі мен сиырдан басқа асыл тұқымды мал алуға несие беріле ме
Үкімет басшысы Серік Жұманғарин сенат депутаттарының асыл тұқымды мал алуды несиелендіру туралы сауалдарына жауап берді.
Оның айтуынша, Қазақстанда қазір жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын "Игілік" және "Береке" несиелері іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Олар асыл тұқымды мал басын сатып алуға бағытталған.
Алайда қазіргі таңда бұл бағдарламалар аясында тек ірі қара мен ұсақ мүйізді малды ғана алуға болады.
Атап айтқанда, "Игілік" бағдарламасы 100-ден 500 басқа дейін асыл тұқымды ірі қара малды және 500-ден 1000 басқа дейін ұсақ мүйізді малды сатып алуды қаржыландыруды көздейді.
Ал "Береке" ірі шаруашылықтарға бағытталған және 500 және одан да көп бас асыл тұқымды ірі қара малды, сондай-ақ 1000 және одан да көп бас асыл тұқымды ұсақ мүйізді малды сатып алуды қаржыландыруды қарастырады.
"Ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлері бойынша несиелеу бағдарламаларын іске қосу жақын арада жоспарлануда", – деп жауап берді Серік Жұманғарин.