Биыл қаңтар–шілде айлары аралығында Қазақстанда 296,4 мың тонна нан өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 0,7% аз. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Өндірістің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі: 71,1 мың тонна, бір жылда 0,6% азайған. Бұл – елдегі жалпы өнімнің 24%-ы. Екінші орында Алматы тұр. Бұл жақта 31,4 мың тонна нан өндіріліп, 1,3% азайған. Ал Ақтөбе облысында 27,6 мың тонна нан өндіріліп, 5,5% азайған.

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, нан бір жылда 8,6% қымбаттаған. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұны наны бір жылда 12,7%, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 12,4%, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 5,8% қымбаттады.


Оқи отырыңыз: Ұнның қымбаттауы нан бағасына қалай әсер етіп жатыр? Өңірлерге шолу.


Өңірлер бойынша бағаның ең көп жылдық өсімі Ұлытау облысында тіркелді: 20%. Одан кейін Маңғыстау облысыда нан бағасы 17,6%, Алматыда 16,3% қымбаттады. Ең аз жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында. Ол жақта нан бағасы 2% ғана қымбаттаған.