Қазақстанда мұнай-газ компаниясы арзан бағамен жекенің қолына өтіп кеткен
Үкімет басшысы бұл мәселені заң аясында пысықтауды құзырлы органдарға тапсырды.Қазақстанда бірнеше жыл бұрын мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компания жеке меншікке сатылып кеткен. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады. Бұл туралы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында белгілі болды.
Жиында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік реестр сайтынан арзан бағамен қалай жер, көлік не өзге мүлік сатып алуға болады?