Қазақстанда мұғалімдер күні 5 қазанда мерекеленеді. Үкімет қаулысы күшіне енді
Үкімет тиісті қаулы қабылдады.Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.
Бұған дейін мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесінің датасы өзгереді
- Аттестация электронды форматта қалай өтеді? Мұғалімдерге маңызды ақпарат
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.