Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараты бойынша мектептердегі педагог-психологтерге қажеттілік 229-ды, мектепке дейінгі ұйымдарда 2029-ды құрайды. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

Оның мәліметінше, бүгінде "Педагогика және психология", "Психология" мамандығы бойынша 36 жоғары оқу орны даярлайды. 

2023-2024 оқу жылында 8723 мемлекеттік грант бөлінген, оның ішінде:

  • "Педагогика және психология" мамандығы бойынша: 6702 – бакалавриат, 1512 – магистратура, 267 – докторантура;
  • "Психология" мамандығы бойынша: 230 – бакалавриат, 12 – магистратура.

"Қазіргі таңда 19 931 білім ұйымының  9552-де педагог-психологтердің штат бірліктерінің саны талаптарға сәйкес келтірілді. Қалған білім беру ұйымда   Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп штат санын талаптарға сәйкес келтіру жұмыстарын жүргізуде", – деп жауап берді Тамара Дүйсенова.


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 500-ге жуық психолог жұмыс істеп жатыр