Қазақстанда коронавирустың жаңа "Эрис" штамы таралып жатыр
Бұл – омикрон штаммының жаңа нұсқасы.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда коронавирустың "Эрис" жаңа штаммы анықталғанын айтты.
Оның айтуынша, елде жаңа штаммның болуын бақылау үшін ай сайын Covid-19-ға генетикалық талдау жүргізіледі.
"Ай сайын біз Covid-19-ға генетикалық талдау жасаймыз. Бұл елде жаңа штамм айналымда ма, жоқ па, вирустың түрі өзгерді ме, өзгермеді ме – соны анықтау үшін керек.. Ал жақында жүргізілген генетикалық зерттеулер елге Эрис штаммы келгенін көрсетті. Вирус мутацияға ұшырап, оның әртүрлі штаммдары тіркелуде", – деп хабарлады Ажар Ғиният.
Бұған дейін Ресейде жаңа штамм табылған болатын. "Эрис" - қолданыстағы омикрон штаммының жаңа нұсқасы. Бұл штаммның алғашқы белгілері – тамақ ауруы, мұрынның ағуы, жөтел және кеуде қуысының қысылуы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда Pfizer вакцинасы туралы ақпарат жинақталған сайт ашылды.